Әлем

Грузияда қаруланған адам банкте тұрғындарды кепілге алды

Sputnik
АСТАНА, 20 қыркүйек - Sputnik. Грузияның Кутаиси қаласында банк бөлімшелерінің біріне бетперде киген қарулы адам басып кіріп, адамдарды кепілге алды, деп хабарлайды Mtavari Arkhi телеарнасы.
Sputnik Грузияның хабарлауынша, ер адам "Грузия банкіне" кіріп кеткен.
Телеарналар сұхбат алған куәгерлер бетперде киген қарулы адамның банкке кіріп кеткенін, кейбіреуі тіпті мылтық дыбысын естігенін айтып берді.
Грузиялық БАҚ оның 2 миллион доллар сұрағанын хабарлады. Ал "Грузия банкінің" бөлімшесінде шамамен он адам кепілде болуы мүмкін екені айтылды.
Нұр-Сұлтанда қаруланған ер адам әйелін кепілге алды