Денсаулық

Энергетикалық сусындар несімен қауіпті - невролог жауабы

Sputnik
АСТАНА, 20 қыркүйек - Sputnik. Энергетикалық сусындар ұйқы мен сергектік циклдарын бұзады, қан қысымын арттырады, деп хабарлады невролог Павел Хорошев.
"Қан тамырлары мен айналымдағы қанның көлемін төмендетеді. Зәр шығару жиілейді, салдарынан ағза сұйықтықтың көп мөлшерін жоғалтады. Қанның тұтқырлығы артады, тіндерге пайдалы заттардың жетуі бұзылады", - деді Павел Хорошев Ura.ru сайтына берген сұхбатында.
Сонымен қатар, дәрігер жүргізушілер ешқашан энергетикалық сусынды ішпеу керектігін баса айтты.
"Кейбір жүргізушілер рөлде ұйықтап қалмаймын деп, жолда бір-екі алкогольсіз энергетикалық сусын ішеді. Бұл үлкен қателік, өйткені адамның жол апатына ұшырау қаупі анағұрлым жоғары болады", - деді сарапшы.
Өйткені адам жолда жылдамдықты арттыруға, кенет маневр жасауға бейім болады.
Әлем
Он минутта 1,5 литр газдалған сусын ішкен жігіт қайтыс болды – БАҚ