Бүгін Қазақстан Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 77-сессиясының Жалпы дебатының ашылуына қатысады, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
"БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясының Төрағасы Чаба Кёрёши пленарлық отырысты ашып, жүргізеді.Мемлекет басшысы Нью-Йорк уақыты бойынша шамамен 11.45-12.15-те сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясына қатысу үшін жұмыс сапарымен барды.