Спорт

Бибісара Асаубаева ресейлік Александра Костенюкті жеңді

Астанада өткен Гран-приде Бибісара Асаубаева турнирдің үздік үштігіне енді
Sputnik
АСТАНА, 20 қыркүйек - Sputnik. Қазақстандық шахматшы Бибісара Ассаубаева Астанада өтіп жатқан Әйелдер гран-при-2022 турнирінің екінші айналымында атақты ресейлік Александра Костенюкті жеңді.
Бұл жетістік Асаубаеваға турнир кестесінде көшбасшылар қатарына енуге мүмкіндік берді. Дәл қазір осы жарыстардың қалған үш қатысушысындағыдай Асаубаеваның еншісінде де 1,5 ұпай бар.
Айта кетері, Костенюк 12-ші әлем чемпионы.
Турнирде біріншіден төртінші орынға дейінгі шахматшылар анықталды. Бибісара үшінші орында. Рейтинг коэффициенті бойынша ол ресейлік Александра Горячкина мен польшалық Алина Кашлинскаядан төмен тұр.
Тағы бір қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік екінші айналымда әйелдер арасында 16-шы әлем чемпионы атанған қытайлық Тань Чжунъимен тең ойнады. Бір ұпай жинаған Әбдімәлік бесіншіден тоғызыншы орынға дейінгі турнир қатысушыларының тізіміне енді.
Бибісара Асаубаева президенттің сыйлығын көрсетті