АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Атырау облысы бойынша экология департаменті 18 тамыз бен 5 қыркүйегі аралығында "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тематикалық тексеру жүргізді, деп хабарлайды экология министрлігі.
Тексеру зауытты электрмен жабдықтаудағы кернеудің істен шығуы нәтижесінде технологиялық қондырғыларды толық тоқтату жүргізілгенін көрсетті. Осыған байланысты, жабдықтың қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету үшін көмірсутегі газының артық қысымы қысқа уақытта алау жүйесіне жіберілді.
""KEGOC" АҚ тарапынан электрмен жабдықтауды қалпына келтіргеннен кейін тауарлық өнім өндіруге арналған технологиялық тізбектің қалыпты жұмысын қалпына келтіре отырып, технологиялық қондырғылар қайта іске қосылды. Жобалау құжаттарын зерделеу кезінде кәсіпорында алауларда газ жағудан эмиссияға рұқсат жоқ екені анықталды. Осылайша кәсіпорынның алау қондырғысында 73 мың м3 көлемінде отын газын жағу нәтижесінде жүзеге асырған эмиссиялар және ППНГО қондырғысында 6 мың м3 өз бетінше болып табылады және экологиялық заңнамасына сәйкес нормалауға жатпайды", - делінген хабарламада.
Айта кету керек, мұндай бұзушылық жүйелі болып тұрған. Ұқсас фактілерге кәсіпорын бір жылда үшінші рет жол берген .Кәсіпорынға қатысты қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін жүйелі түрде асырғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Материалдар соттың қарауында болады.
Естеріңізге сала кетейік, Атырауда бірнеше түн қатарынан жағымсыз иіс жайлап, тұрғындаордың көпшілігі бас ауруына, әлсіздікке, жүрек айнуына шағымданды. Осыған байланысты облыстық экология департаменті Атырау мұнай өңдеу зауытын жоспардан тыс тексеруді бастады.