Астана әуежайы екінші ұшу-қону жолағын салуды жоспарлап отыр

Sputnik
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы екінші ұшу-қону жолағын салуды жоспарлап отыр, қолданыстағы жолақ 2003 жылы қайта құрылымдалған және содан бері бірде-бір рет жаңартылмаған.
Биыл мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
"2027-2028 жылдарға қарай ұшу-қону жолағын ұлғайтуға тура келеді. Біз жолақтағы, жермен жүру жолдарындағы және перрондағы жабынды, сондай-ақ жарықсигналды жабдықтарды ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Жөндеу жұмыстары уақытша қолайсыздықтар туғызады, бірақ біз проблеманы шешеміз", - деді әуежай басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Дәулет Хамзин.
Сонымен қатар жоспарда арнайы экономикалық аймақты ашу және авиаотынды жеткізу логистикасын жақсарту үшін теміржол төсеу жұмыстары қамтылған.