Әлем

Зейнеткердің асқазанынан 55 батарея шықты

Sputnik
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Ирландияда 66 жастағы әйелге ота жасалып, асқазанынан 55 батарея шығарылды. Зарядтау жабдықтары тоқ ішекке де кетіп қалған, деп хабарлайды HuffPost порталы.
Ауруханаға келген Дублин қаласының тұрғыны іштің кебуі мен ауырсынуы жиілеп кеткенін айтқан. Дәрігерлер бірден ультрадыбыстық зерттеу жасаған. Асқазанында белгісіз заттар анықталған.
Бас кезінде мамандар сәл күте тұруді жөн көрген. Барлық зат өздігінен шығады деп ойлаған. Алайда бір аптаның ішінде бес батарея ғана шыққан. Ал зейнеткердің іші қатты ауыра бастаған. Содан ота жасалып, асқазанынан тағы 50 шынашақ батарея шыққан.
Қазіргі кезде пациенттің жағдайы жақсы екені хабарланып отыр. Дәрігерлер оны бақылауда. Батареяларды әйел қалай және не себепті жұтқаны әзірше белгісіз.
Экономика
Жамбыл облысында шенеуніктер 10 батарея алуға 9 млн теңге бөлген