Өңірлер

Ақтауда псевдосалафизм өкілдері бөтен адамның пәтерін тартып алмақ болды

Sputnik
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Ақтауда псевдосалафиттер күш қолданып, бөтен адамның пәтерін өздеріне рәсімдеп алмақ болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
9 қыркүйекте деструктивті діни ағымды ұстанушылар ақпа бопсалағаны туралы ақпарат түсті.
"Олар алдын ала келісіп, топпен әрекет еткен. Жәбірленушінің еркінен тыс үш бөлмелі пәтерін қайта рәсімдеген. Материалдық шығын мөлшері 20 млн теңгені құрады", - деп түсіндірді полиция.
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-тармағы "Бопсалау" бойынша Маңғыстау облысы полиция департаменті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.
Жедел іздестіру шаралары барысында төрт күдікті ұсталды. Барлығы сот санкциясымен қамауға алынды.