Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясына қатысады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Нью-Йоркке барады.
"Сапар бағдарламасы өте ауқымды. Мемлекет басшысының Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 77-сессиясының жалпы пікірсайысына қатысуы басты оқиға болмақ", - деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, мемлекет және халықаралық ұйымдар басшыларымен, АҚШ-тың ірі қаржы институттары мен трансұлттық компанияларының басшыларымен, сарапшылық топтар өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізу жоспарланып отыр.