НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) жекпе-жек алдында таразыға тұрды, деп хабарлайды Sports.kz.
Головкиннің салмағы 167,8 фунт(76,11 килограмм), ал "Канело" — 167,4 фунт (75,93 килограмм) болды.
Нәтидесінде екі боксшы суперорта салмаққа белгіленген 168 фунт (76,2 килограмм) лимиттен сәтті өтті.
Естеріңізге сала кетейік, орта салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Сауль "Канело" Альвареспен үшінші жекпе-жегін өткізу үшін Лас-Вегасқа барды.
Қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы жекпе-жек 17 қыркүйекте АҚШ-та Лас-Вегаста өтеді.
"Канелоға" тиесілі орта салмақтағы IBF, WBC, WBA Super және WBO титулдары бәске тігіліп тұр. Головкин үшін осы салмақтағы дебюттік жекпе-жек болмақ.