Экономика

Қазақстанда дизель сатуды есепке алатын ақпараттық жүйесі іске қосылды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. 15 қыркүйекте дизель отынын сараланған баға бойынша сату деректерін верификациялау бойынша модуль іске қосылды, деп хабарлайды энергетика министрлігі.
Ақпараттық жүйе елдің жанармай құю станцияларында 1 литр үшін 230-260 теңгеден сатылатын дизель отынының тәуліктік көлемін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта келіп түскен өтініштерге сәйкес 271 жанар-жағармай құю станциялары жүйені іс жүзінде қолдана бастады, жүйе іске қосылғаннан кейін ел бойынша 2 365 сату жүргізілді.
Сондай-ақ жанар-жағармай құю станциялары операторларына жүйемен жұмыс бойынша жедел консультативтік көмек көрсету үшін энергетика министрлігі тарапынан техникалық қолдау орталығы іске қосылды.