Оралда көлік жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Оралда көлік жүргізуші екі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 15 қыркүйек күні түнгі 00:30 уақыт шамасында болды. Volkswagen Golf III көлігін тізгіндеген 21 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай Грэмми мейрамханасының жанында жол жиегінде жүріп келе жатқан 21 жастағы және 20 жастағы екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.