Қоғам

Конституциядағы президент мандаты туралы бапты ешкім өзгерте алмайды – министр

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Конституцияға президентті жеті жылға және тек бір мерзімге ғана сайлау туралы енгізілетін бап өзгертілмейді. Бұл туралы әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, Конституцияға өзгерістер енгізуге болады. Бірақ Ата заңда өзгертуге тыйым салынған баптар бар.
"Ата заңда елдің егемендігіне, аумақтық тұтастығы мен басқару нысанына қатысты баптар өзгертілмейді. Солардың қатарына президент өкілеттігінің ұзақтығы мен сайлану мерзіміне қатысты нормалар да қосылып отыр. Олар өзгертілмейді. Бұл Конституцияда бекітілген. Енді бұл нормаларды өзгертуге болмайды", - деді Мусин парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап беріп.
Әділет министрі қазіргі Конституция күшінде болғанға дейін бұл нормалар өзгеріссіз қалатынына сендірді.
Норманың өзгертілмеуін Конституциялық сот та қадағалайды.