НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбеде баласын орындықта қалдырған жас анаға қатаң ескерту жасалды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
"Комиссияның шешімімен әйелге қатаң ескерту жасалды және егер ол бірнеше рет бұзылса, оны ата-ана құқығынан айыруы мүмкін", - делінген ақпаратта.
Естеріңізге сала кетейік, 11 тамызда Ақтөбе қаласында мас келіншек бес айлық баласын даладағы орындықта қалдырып кетті.
Бір сағаттан кейін қайтып келген, бірақ нәресте ол жерде болмай шықты. Оны сол жерден өтіп бара жатқан әйел тауып, полицияға т апсырған. Оның айтуынша, мас келіншек сәбиді даладағы орындықта қалдырып кетті.
Шамамен, бір сағаттан кейін полицияға 25 жастағы келіншек хабарласып, баласының жоғалғанын айтты.