Түркістан облысында оқушылар арасындағы төбелес өліммен аяқталды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Түркістан облысында оқушылар арасындағы жанжалдан кісі өлімі тіркелді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Кентау қаласының маңындағы ауылдардың бірінен пышақ жарақатын алған жас жігіттің денесі табылды. Ол 10-сынып оқушысы болып шықты.
Анықталғандай, түн ортасында екі ауылдың кәмелетке толмаған тұрғындары арасында жанжал туындап, арты өлімге әкеліп соққан. Полиция қызметкерлері күдікті ретінде көрші ауылдың тұрғынын ұстады.
Қазіргі уақытта Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жанжалдың қалған қатысушыларын ұстау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Ведомство мәліметінше, елдімекендегі жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды.