НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. "Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев қызметкерлердің орташа жалақысы қанша екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Біздің қорда басқарушы персоналдың орташа жалақысы 950 мың теңге, ал өндірістік персоналдың (қатардағы қызметкерлер - қордың баспасөз қызметі нақтылады) айлығы 400 мың теңге", - деп жауап берді Сатқалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
"Самұрық-Қазына" АҚ қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директор Ғибрат Ауғановтың айтуынша, жыл басынан бері реформа басталы қор қызметкерлерінің саны 248-ден 124-ке дейін қысқарған.
Сондай-ақ басшылар саны да екі есе, 10-нан беске дейін азайды. Ал тоғыз айдың ішінде жаңадан қызметке 9 адам қабылданған.