Мәдениет

Қазақстан "Өмір" фильмін "Оскарға" ұсынды

Картина авторы идеяны 10 жылдай ойластырған.Фильмнің түсірілімі үш жылға жалғасты
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек - Sputnik. Қазақстанның Оскар комитеті шешімімен Эмир Байғазин түсірген "Өмір" фильмі "Шет тіліндегі үздік фильм" номинациясы бойынша "Оскарға" ұсынылды.
Байғазиннің жаңа фильмінің әлемдік премьерасы осы күндері өтіп жатқан беделді Торонто кинофестивалінің "Заманауи әлем киносы" секциясында өтті, деп хабарлайды мәдениет министрлігі.
Сюжет бойынша Арман есімді жігіт мерекелік шараларды видеоға түсіретін және монтаждайтын компанияға жұмысқа орналасады. Көп ұзамай ол компания жұмыс істеп жатқан барлық материалдың жоғалып кетуіне кінәлі болады. Жігітке барлық материалды қалпына келтіруге және шығынды өтеуге бірнеше күн беріледі.
Фильм әдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық кинематографияны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілген.
Айта кетері, 95-ші рет берілетін Академия сыйлығына үміткерлер тізімі 2023 жылдың 24 қаңтарында жарияланады. Рәсімнің өзі 2023 жылдың 12 наурызында өтеді.