14 қыркүйекте қала әкімдігінде осы мәселе бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Мәслихат депутаттары шешім шығарды. Енді республикалық ономастика комиссиясы өз сөзін айтып, үкіметке тиісті құжаттарын жіберуі керек.
Ал министрлер кабинеті жарлықтың жобасын дайындайды. Оны президенттің қол қоюына жібереді. Мемлекет басшысы қол қойған күннен бастап елорданың атауы қайта оралады.
Sputnik Қазақстан тілшілері қала тұрғындары мен қонақтардың осы өзгеріске қатысты ойын біліп қайтты.