ҰҚШҰ-ның бас хатшысы Арменияға барады

Sputnik
13 қыркүйекте Армения Республикасының бастамасымен ҰҚШҰ - ның ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің видеоконференция режиміндегі отырысы өтті.
Күн тәртібінде Армения мен Әзербайжан елдерінің шалғай аудандары шекараларында реттеуді қажет ететін жағдай қаралды.
"Армения Республикасына ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Зась бастап баратын Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының миссиясын аттандыру туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар миссия құрамына ҰҚШҰ Бірлескен штабының басшысы Анатолий Сидоров, ҰҚШҰ-ға мүше елдер өкілдері де енді. Олар екі ел шекарасында қалыптасқан жағдай туралы мемлекет басшыларына толыққанды баяндама жасайды", - делінген ҰҚШҰ хабарламасында.