Саясат

Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек - Sputnik. Қытай Халық Республикасы төрағасының Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді әуежайдан шығарып салды.
Келген кезде де Си Цзиньпинді елорда әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаев өзі қарсы алған болатын.
Бұдан кейін Ақордада Қазақстан-Қытай жан-жақты стратегиялық әріптестігін нығайту перспективалары сөз болды. Келіссөз қорытындысы бойынша мемлекет басшылары Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылуына 30 жыл толуына байланысты бірлескен мәлімдемеге қол қойды.
Бірлескен мәлімдемеге қол қойылды
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді ең жоғары мемлекеттік награда – "Алтын Қыран" орденімен марапаттады.