Өңірлер

Салқын ауа райы сақталады – үш күнге арналған болжам

Синоптиктер алдағы күндері 14-16 қыркүйек аралығында елімізде қандай ауа райы болатыны туралы болжаммен бөлісті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның солтүстік жартысында солтүстік-батыс суық антициклонының ықпалы жалғасады.
Республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Республиканың шығысындағы, оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде жаңбыр жауып, ол көктайғаққа ұласуы мүмкін.
15 қыркүйекте түнде шығыста жаңбыр мен қар аралас жауын жауады деп күтілуде. Қазгидрометтің хабарлауынша, республика бойынша жел күшейеді.
15-16 қыркүйекте түнде республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында 5 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.