НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Павлодар қаласының полициясы мас көлік жүргізушілерін ұстау кезіндегі қызықты видеоларды жариялады.
Өткен демалыс күндері полицейлер Едіге би көшесінде шамын жақпай келе жатқан көлікті тоқтатқан. Рөлде отырған әйел қауіпсіздік белдігін де тақпады. Инспектор алкоголь иісін сезіп, сыртқа шығуды сұрады. Бас кезінде келіншек ішімдік ішпедім деді. Ал сыртқа шыққанда: "Кішкене сыра ішіп алдым, құрбымның үйінде болдым, 2 литр іштім", - деп ақталды.
Сосын қолындағы телефонын ұсынып, біреумен сөйлесуді өтінді. Полицейлер оны медициналық тексеріске апарды. Сол жерде көлік жүргізушісінің мас болғаны расталды. Әйел 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырды.
Академик Бектұров көшесінде ұсталған ер адам да "арақты аз ғана ішкені" үшін 7 жыл мерзімге басқару құқығынан айырылды. Сондай-ақ ол 15 күнге әкімшілік қамауға алынды.