НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Бейсенбі күні Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатында қала атауын өзгерту мәселесі қаралады.
"Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының қоғамдық тыңдаулары өтеді. Онда "Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-Сұлтан қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы деп қайта атау туралы" мәселесі қаралады", - делінген мәслихат хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, парламент мәжілісіндегі "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының мүшелері елордаға Астана атауын қайтару туралы бастама көтерді.
Парламент депутаттары халық үніне құлақ асуды жөн көріп, Нұр-Сұлтан қаласына бұрынғы атауын қайтаруды ұсынды.