Білім

Саясат Нұрбек Кипрде оқитын балалары туралы сұраққа жауап беруден бас тартты

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек балалары Кипрден елге оралды ма деген сұраққа жауап беруден бас тартты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Кипрда оқитын балалары 26 маусымда Қазақстанға қарапайым мектепке оралатынын мәлімдеді. Шенеунік, тіпті, журналистерге фотомен есеп беруге уәде еткен еді. Бүгін БАҚ өкілдері үкімет кулуарында Саясат Нұрбектен балаларының елге оралып-оралмағанын сұрады. Алайда министрі жауап беруден бас тартты.
"Бұл менің жеке өміріме қатысты сұрақ және өкінішке қарай, балаларыма да оңай тиген жоқ", - деп қысқа қайырды ол.
Осыдан кейін журналистер одан "Қазақстанның білім сапасына сенесіз бе?" деп сұрады. Саясат Нұрбек "иә" деп жауап берді. Бірақ "Ендеше, неге балаларыңыз шетелде оқиды?" деген сұраққа министр жауап бермеді.
Биыл 11 маусымда бұрынғы мәжіліс депутаты Саясат Нұрбек ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды. Айта кетері, шенеуніктің үш баласы бар.
Саясат Нұрбек балалары неге Кипрде оқығанын түсіндірді