НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискті елорда әуежайында өзі қарсы алды.
Қарсы алу рәсімі барысында мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің делегация мүшелерін таныстырды.
Содан кейін Қазақстан Президенті мен Католик шіркеуінің басшысы президенттік терминалдың Каминді залында қысқаша әңгімелесті.
Кездесу соңында мәртебелі қонақтың кортежі Ақордаға бағыт алды.