Өңірлер

Өскеменде ломбард менеджері 12 млн теңгені ұрлап кетті

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Өскемен қаласында ломбардтың ақшасын талан-таражға салған әйел ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Үлбі полиция бөліміне ломбард директоры арызданған. Оның айтуынша, қол астындағы қызметкері ойдан шығарылған және сәйкес келмейтін кепіл билеттерін пайдалана отырып, кассадан 12 500 000 теңгеден астам ақшаны иемденіп кеткен.
Криминалдық полиция күдіктіні ұстады. Жауап алу кезінде 37 жастағы әйел өз кінәсін мойындады. Қылмыс арқылы материалдық жағдайын жақсартқысы келген. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі ("аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Осы қылмыс үшін жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.