Осы аптадан бастап ресейлік паспорт иелері үшін Шенген визасын алуға қатысты жаңа тәртіп күшіне енді. Сондықтан, енді Ресей азаматтары Кельн шіркеуін, Монмартр сәулетін, Италияның Чинкве-Терре ұлттық саябағын тамашалай алады ма, жоқ па, ол жағын ұзақ шешетін секілді, деп жазды РИА Новости тілшісі.
Еуропалықтардың пікірінше, жоғарыда аталғандарды көзбен көру артықшылық екенін ресейліктер түсінуі керек.Бір қызығы, кімнің және қайда саяхаттағысы келетіні туралы "артықшылықты" күн сайын демократия үшін күресіп, бұқара алдында адам бостандығы туралы баяндама жасап жүрген тұлғалар ұсынып отыр.
Бірақ, қазірргі еуропалық бостандық тараптарға жіктеліп, Ескі Әлемнің идеологиялық ұстанымын қолдайтындарға ғана ұсынылып жатыр. Орыстарға егер олар науқас болса ғана, егер туыстарынан қашықтықта тұратын болса ғана немесе егер шетелдік университеттерде білім алғысы келсе ғана шекарадан өтуге рұқсат беретін бүгінгі әлемнің кейпі 60 жыл бұрынғы еуропалық үгіт-насихат қалыптастырған сипаттан еш өзгешелігі жоқ.
Одан соң Хельсинки келісіміне қол қойылып, әр адамның қозғалыс еркіндігі туралы мәселе бүге-шігесіне дейін анықталып көрсетілді. Содан кейін виза ала алмайғандықтан мемлекеттердегі елшілік алдында ұзақ-сонар кезек туындаауына байланысты шекарадан кіріп-шығатын адамдар санын біршама арттырды. Бүгінгі кезек, "отбасы мүшелерінде ЕО азаматтығы бар" адамдар үшін басымдық туралы мәселе Изариль мен АҚШ-қа "жанұялардың қауышуы" ұранымен эмиграция жүрген шақта туындап қойған.
Сол шақта да КСРО шекарасынан шығу еркіндігі экономикаға, енгізілген санкцияларға және сауда қарым-қатынасының шектелуіне байланысты болды. Яғни, ел аумағынан шығу да, ел аумағына кіру де дәл бүгінгідей саяси "артықшылық" болды.
"Кейінірек орыстар өз бетінше ел аралай алды. Паспорттардағы "бесінші тармақ" жойылып, заңнамадағы "шығу визасы" алынып тасталды. Дегенмен, мұның барлығы жасанды болғанына қазір көз жетіп отыр. Себебі, ол шақта орыстар салыстырмалы түрде кедей болғандықтан, сәйкесінше тәуелді әрі жуас болды. Бұл туралы ешкім анықтап айтпағанмен, еуропалықтардың өздері орыстардың еркін қозғалысын дәл осылай бағалады", - дейді мақала авторы.
Оның пікірінше, негізгі бостандыққа қатысты санкциялар мұндай әрекетті шектеп отыр. Себебі, санкциялардың барлығы бағынбағаны үшін жазалауға қатысты. Бірақ, мәселе экономикаға қатысты болған шақта біршама жеңілдік пен тиімділік қарастырылды. Ал ресейлік паспорты бар адамдардың барлығына қарсы енгізіліп жатқан шектеу логикаға емес, сұрыптауға негізделетін сияқты. Өйткені, адамдарды көзқарасына, дініне, жасына, Шенген кеңістігіне кіруге қажеттілігіне қарамастан өтінішін кері қайтаруды "сұрыптау" деп атамасқа болмай тұр.
Әзірше сұрыптау Брюссельдегі құзырлы тұлғалардың шешімі бойынша тұрақты мекенжайы Ресейдегі азаматтарға ғана қатысты болып отыр. Бірақ, алдағы уақытта бұл шектеу ресейлік азаматтығы бола тұра еуроодақтық тұруға ықтиярхаты бар адамдарға қатысты енгізілуі ықтимал. Ол ықтиярхаттың мерзімі ұзартылуы да, күші жойылуы да мүмкін. Үшінші кезеңде ресейлік те, еуропалық та азаматтығы бар, тұрақты Еуроодақ аумағында тұратындарды қамтуы күтілуде.
Мысалы, Францияда ұсынылған азаматтықты кері қайтарып алатын механизм бар. Азаматтық үш жағдайда жойылуы мүмкін: егер басқа азаматтық болса, егер Францияның мүдделеріне қарсы, бірақ бірінші мемлекеттің мүддесі үшін әрекет етсе және әрекеттері Францияның мүдделеріне қайшы келсе. Ал мұндай әрекеттердің аясы өте кең.
РИА Новости жазғандай, Брюссель Шенген визасын ресейліктерге ұсынуға қатысты шектеумен орыстарды жазалаудан бұрын Еуропа демократиясы мен адам бостандығына кәміл сеніп келген жергілікті халықты жазалап отыр.