Қоғам

Қазақстандықтар үйленуге асықпайды: неке қиғандар саны азайып кеткен

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда бір жыл ішінде неке қиғандар саны әжептәуір – 15%-ке азайған, деп хабарлайды Ranking.kz.
Осы жылдың қаңтар-маусым айларында республикада 55,1 мың жұп шаңырақ көтерген. Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 15,2%-ке аз. Қалаларда неке саны бір жылда 5%-ке, 42,6 мыңға дейін, ауылдарда бірден 38,1%-ке, 12,5 мыңға дейін қысқарған.
Биыл бірінші жартыжылдық ішінде ажырасу саны 9 мыңды құрады – өткен жылға қарағанда 5%-ке аз. Қалаларда ажырасу саны бір жылда 3,1%-ке, 7,1 мыңға дейін, ал ауылдарда 11,8%-ке, 1,9 мыңға дейін азайған.
Өңірлер арасында некелескендер саны ең көп Алматыда тіркелді: 7,1 мың – бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 14,7%-ке аз.
Үздік үштікке, сондай-ақ, халқы тығыз орналасқан Түркістан (6 мың, бір жылда 16,9%-ке аз) мен Алматы облыстары (5,6 мың, 17,1%-ке аз) кірді.
Неке қиғандар саны ең аз – Солтүстік Қазақстан облысында: небәрі 1,5 мың, бір жыл ішінде 2,6%-ке көп.
Ажырасу саны бойынша антилидер – Алматы (1,2 мың), Алматы облысы (1 мың) және Қарағанды облысы (937).
Қызылорда облысының тұрғындар ең сирек ажырасады: небәрі 201.