НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Көпбалалы әке Көкшетау қаласының аумағында гашиш сатумен айналысқан. Сот оны 6 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Көкшетау қалалық соты ірі көлемде гашиш сатумен айналысқан 40 жастағы тұрғынға қатысты үкім шығарды. Есірткі сатушыға қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Айыпталушының заңсыз әрекеті осы жылдың ақпан айында тоқтатылды. Көкшетау тұрғыны есірткіні заңсыз сақтап, сатқан. Ол салмағы 9,46 грамм гашишті екі қағаз түйіншегін сатқан кезінде ұсталды.
Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сот оны кінәлі деп таныды.
Жазалау шарасын тағайындау кезінде қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар, атап айтқанда бес жас баланың болуы және сотталушының шын жүректен өкінуі ескерілді. Осы жылдың маусым айында Көкшетау қалалық сотымен ер адамға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.