Экономика

Доллар бағамы тағы да төмендеді

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек - Sputnik. Қазақстандық қор биржасының мәліметі бойынша Қазақстанда доллар бағамы төмендеуде.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 471,99 теңгені құрап, 1,25 теңгеге төмендеді.
Ұлттық банк 10-12 қыркүйекке бекіткен доллардың ресми бағамы 473,35 теңге екенін естке саламыз.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының айырбастау пункттерінде доллар 473,79 теңге сатылып жатыр, сатып алу құны - 478,07 теңге.
Нұр-Сұлтан қаласының айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу құны 471,95 теңге, сату - 476,23 теңге.