Өңірлер

Батыс Қазақстанда әйел жиһаз ұтысы арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастырған

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 12 қыркүйек – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырған әйелге қатысты қылмыстық іс аяқталды. Салымшыларға 7,5 млн теңге шығын келген.
Қаржы мониторингі агенттігінің ақпаратынша, әйел "Нұр жиһаз" онлайн жобасында жиһаз ұтысы өткізіледі деген желеумен жеке тұлғалардан ақша тартқан. Шарт бойынша жобаға міндетті түрде жаңа салымшыларды қосу қажет болған.
"Тергеу барысында 153 азаматқа 7,5 млн теңгеден аса мүліктік залал келтірілгені анықталды", - делінген хабарламада.
Сот әйелді кінәлі деп танып, қаржылық және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 7 жылға айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.