Жетісуда орман өртеніп жатыр

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Жетісу облысы Алакөл ауданындағы Үйгентас орман шаруашылығы аумағында 100 гектар аумақта өрт шықты, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Мәлім болғандай, Алакөл орман шаруашылығы аумағында 70 гектар аумақты алып жатқан 10 өрт ошағы тіркелген.
"8 қыркүйектен бүгінге дейін тікұшақтармен 84 тонна су шашылды. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өртті сөндіруге барлығы 188 адам, 2 тікұшақ, 21 техника, 60 бүріккіш және 6 ат жұмылдырылған", - делінген хабарламада.