Қостанай облыстық соты сот алқасының төрағасы қамауға алынды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен Қостанай облыстық соты сот алқасының төрағасы екі ай мерзімге қамауға алынды.
"Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 9 қыркүйектегі қаулысымен Қостанай облыстық сотының сот алқасының төрағасы А.Х.Дарбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", - деп жазды ведомтсво.