Фото

"Егіз" мұнара опырыла құлаған күн: АҚШ-тағы терактіге 21 жыл толды – фото

Жанкешті террористер АҚШ-тағы төрт жолаушылар ұшағын басып алып, оның екеуін Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығына бағыттаған күннен бері жиырма жылдан астам уақыт өтті
Sputnik
Бұл күні, 11 қыркүйекте, әлемдік БАҚ әлемді дүр сілкіндірген оқиғаның суреттерін жариялауды әлі де жалғастырып жатыр. Сол күні қос мұнара опырыла құлаған еді. Қос ғимараттың жанында орналасқан басқа нысандардың күлі көкке ұшты.
Терактіні "Әл-Каида"* тобы ұйымдастырған және оның жетекшісі Усама бен Ладен болған. 19 террористен бөлек, шабуыл кезінде 2 977 адам қаза болып, 24 адам із-түссіз жоғалып кетті. Бұл адам шығыны бойынша ең ірі терактіге айналды. АҚШ үшін 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі теракт шығыны ең төменгі бағалаудың өзінде 500 миллиард долларды құрады.
Нью-Йорк символына айналған егіз мұнаралардың күйі қандай болды және адамдарды қалай іздеп, қалай құтқарды? Биіктен түсірілген сирек кездесетін кадрларды біздегі суреттер топтамасынан тамашалаңыздар.
Әл-Каида* - Қазақстанда, Ресейде және бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым.
1 / 16

Таң жарығы егіз мұнараның қирандыларына түсіп тұр. Құтқарушылар тірі қалғандарды іздеуді жалғастырып жатыр

2 / 16

2001 жылғы 11 қыркүйектегі шабуыл кезінде қираған егіз мұнаралардың Манхэттеннің оңтүстігінен түсірілген көрінісі.

3 / 16

Құтқарушылар 2001 жылдың 2 қазанында Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының мұнарасы тұрған аумақтағы үйінділерді тексеріп жатыр.

4 / 16

Бұл сурет Нью-Йорктегі терактіден зардап шеккен ауданның үстінен спутниктен түсірілген. Террористер шабуылынан кейін егіз мұнараның опырылуы салдарынан туындаған түтін Манхэттенді жауып қалды.

5 / 16

Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының егіз мұнарасының жанып жатқан қалдықтары, 18 қыркүйек, 2001 жыл.

6 / 16

Нью-Йорктегі қиратылған Дүниежүзілік сауда орталығынан шыққан түтін әлі де басылмаған, 2001 жылғы 15 қыркүйек.

7 / 16

Құтқарушылар Дүниежүзілік сауда орталығының қос мұнарасының қирандылары арасынан тірі қалғандарды іздеп жатыр.

8 / 16

Дүниежүзілік сауда орталығының оңтүстігіндегі Вест-стриттің әуеден түсірілген көрінісі, 2001 жылғы 14 қыркүйек.

9 / 16

2001 жылдың 15 қыркүйегінде қос мұнараның қирандылары арасынан өрт сөндіру машинасын шығарып жатыр.

10 / 16

Қайғылы оқиға орнында іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

11 / 16

Жұмысшылар Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының қирандыларын тексеріп жатыр, 2001 жылғы 2 қазан.

12 / 16

Қиратылған Дүниежүзілік сауда орталығынан көтерілген түтін, 2001 жылғы 15 қыркүйек.

13 / 16

Қираған егіз мұнаралардың аумағында жұмыс жүргізіп жатқан металлург мамандар, 2001 жылғы 6 қазан, Нью-Йорк.

14 / 16

Дүниежүзілік сауда орталығы кешенінің зақым келген жаяу жүргіншілерге арналған жолдардың бірі, 2001 жылғы 19 қыркүйек.

15 / 16

Құтқарушылар теракт болған жерді қоқыстан тазартып жатыр, Нью-Йорк, 2001 жылғы 16 қыркүйек.

16 / 16

Қос мұнара құлаған жерге жақын көшелердегі өрт, күл және түтін.