Күн суытады: синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Қазгидрометтің мәліметінше, Скандинавия түбегіндегі антициклон Қазақстан аумағына жылжып, күздің қара суығын әкеледі.
11-12 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде жауын-шашын түсуі ықтимал.
Елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысының таулы аумағында қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді және бұршақ жауады деп болжанып отыр.
10-12 қыркүйекте батыста, 10 қыркүйекте шығыста, 11-12 қыркүйекте солтүстік-батыста, 12 қыркүйекте солтүстік және орталықта түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.