Коронавирус жұқтырғандар саны азайды

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес еліміздің барлық өңірі "жасыл" аймақта тұр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, өткен тәулікте Қазақстанда 253 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бір күн бұрын 321 науқас тіркелген болатын.
9 қыркүйектегі жағдай бойынша 16 324 адам коронавирустан емделіп жатыр, оның ішінде 345 науқас ауруханаға түскен. 15 науқастың жағдайы ауыр, 4 науқас өте ауыр жағдайда жатыр, 5 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылды.
Өңірлердегі статистика:
Нұр-Сұлтанда – 51;
Алматыда – 25;
Шымкентте – 0;
Ақмола облысында – 36;
Ақтөбе облысында – 2;
Алматы облысында – 3;
Жетісу облысында – 2;
Атырау облысында – 5;
Шығыс Қазақстан облысында – 8;
Абай облысында – 5;
Жамбыл облысында – 4;
Батыс Қазақстан облысында – 18;
Қарағанды ​​облысында – 28;
Ұлытау облысында – 3;
Қостанай облысында – 25;
Қызылорда облысында – 2;
Маңғыстау облысында – 8;
Павлодар облысында – 10;
Солтүстік Қазақстан облысында – 14;
Түркістан облысында – 4. ⠀
2020 жылдың наурыз айынан бері елде барлығы 1 391 161 адам коронавирусқа шалдықты.