Өңірлер

Жетісу облысында болған жол апатынан 7 адам зардап шекті

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек - Sputnik. Жетісу облысы Үштөбе қаласының маңында болған жол апатынан жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратал ауданында Mitsubishi Galant және ВАЗ-2106 көліктері бетпе-бет соқтығысқан.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 39 жастағы "Жигули" жүргізушісі Талдықорған - Үштөбе тасжолының 32-шақырымында рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. 36 жастағы ер адам басқарған Mitsubishi көлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан жеті зардап шекті. Оның ішінде үш бала медициналық тексеруден өту үшін жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнында Қаратал аудандық полициясының қызметкерлері жұмысты жалғастырып жатыр.
Маңғыстау облысында жол апатынан үш адам көз жұмды