Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында өткізу бекеттері уақытша жабылады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында кейбір бақылау-өткізу пунктері уақытша істемейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан көрші елдің шекара қызметіне сілтеме жасап.
Қырғызстанда сыртқы көші-қонды тіркеу бойынша бірыңғай жүйенің техникалық базасын жаңартылады. Осыған байланысты кейбір бақылау-өткізу бекеттерінің жұмысын уақытша тоқтатуға шешім шығарылды.
"8 қыркүйекте "Чалдыбар — автожол" бақылау-өткізу пунктінде (Шу облысы) сағат 11:00-ден 14:00-ке дейін және 17:00-20:00 аралығында азаматтарды, көліктер мен жүктердің өткізу тоқтатылады. Ал 9 қыркүйекте "Чон-Капка — автожол" бақылау-өткізу пунктінде (Талас облысы) сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін уақытша шектеулер енгізіледі", - делінген ресми хабарламада.
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан басқа өткізу бекеттері штаттық режимде істей береді.