Өңірлердегі өрт: Тоқаев премьер-министрге тапсырма берді

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы әкімдердің өрт сөндіру жұмыстары туралы есебін тыңдады, деп хабарлады Ақорда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары әкімдерінің өңірлердегі өрт сөндіру жұмыстары туралы шұғыл баяндамаларын тыңдады. Әкімдер өрт ошақтарын сөндіру үшін қарқынды жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ табиғи апатқа қарсы таяуда атқарылатын іс-әрекет жоспарлары туралы хабарлады.
"Бұл іс-шараларға Ұлттық ұлан мен қарулы күштердің бөлімшелері жұмылдырылды. Сонымен қатар мемлекет басшысына өрт салдарынан болған залалды қалпына келтіру және зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету шаралары жөнінде айтылды", - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ әкімдер өз аймақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп берді.
Президент премьер-министрге төтенше жағдайлар министрлігінің өңірлік бөлімшелерін арнаулы техникамен және басқа да қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді тапсырды.
Өңірлер
Әулиекөл ауданында өрт ауыздықталды – министр