Мал басы көбейгенмен, сүт өнімдерінің өндірісі төмендеп жатыр

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Биылғы жылдың 1 тамызына дейін елімізде 4,6 миллион бас сиыр болған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 5,9%-ке артық.
Ең көп сиыр Түркістан облысында тіркелді: 609,4 мың бас, жылдық өсім – 10,7%. Одан кейін Абай (393,9 мың бас, жылына 4,5% өсім) және Батыс Қазақстан (388,9 мың бас, 11,5% өсім) облыстары тұр, деп хабарлайды Energyprom.kz.
Осы жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның шаруа қожалықтарында 3,8 миллион тонна сүт алынды, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,2%-ке артық.
Ал жеті айда 259 миллиард теңгенің сүт өнімдері өндірілді, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 8,4%-ке аз.
Заттай көріністе сүт өнімдерінің ішінде шұбат (бірден 49,2%-ке, 1,6 мың тоннаға дейін), май және сүт айырмалары (12,6%-ке, 13,9 мың тоннаға дейін), өңделген сұйық сүт пен кілегей (9,8%-ке, 324,4 мың тоннаға дейін), балмұздақ (4,4%-ке, 25,5 мың тоннаға дейін), йогурт (1,8%-ке, 134,8 мың тоннаға дейін) өндірісі төмендеді.
Қымыз өндірісі 18,9%-ке, 900 тоннаға дейін, қатты пішіндегі сүт – 10,5%-ке, 4,6 мың тоннаға дейін, ірімшік пен сүзбе – 0,8%-ке, 21,3 мың тоннаға дейін өсті.
Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша қазақстандық өндірушілер сүт өнімдеріне сұранысты 85%-ке қамтамасыз етті. Импорттың үлесі 15%-ті құрады. Оның ішінде сұйық өңделген сүт пен кілегейге сұранысты отандық өндіріс бірден 95,9%-ке, ірімшік пен сүзбеге – 53,7%-ке, қоюландырылған сүт пен кілегейге – 40,6%-ке, қатты күйдегі сүтке – 23,2%-ке ғана қанағаттандырып отыр. Балмұздаққа деген сұраныс жергілікті кәсіпорындармен 78,4%-ке, йогурттар және ферменттелген сүт пен кілегейге деген сұранысты 84,4%-ке жапты.
Осы жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша сүт өнімдерінің бағасы бір жылда 24,6%-ке қымбаттады. Оның ішінде сүт – 24,6%-ке, сүт консервілері – 28,9%-ке, ашытылған сүт өнімдері – 26,4%-ке қымбаттады. Ашытылған сүт өнімдерінің ішінде йогурт 33,5%-ке, майлылығы 2,5% айран – 17,1%-ке, қаймақ – 30,4%-ке, майлылығы 5%-9% сүзбе – 10,8%-ке, қатты ірімшік – 29%-ке қымбаттады.
Өңірлер бойынша баға Маңғыстау облысында (жылына 34,8%-ке), Шымкент қаласында (28,6%-ке) және Түркістан облысында (27,6%-ке) қатты өскен.