НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Далада ұлғайту линзасының көмегімен от шығарғандардың видеосы Қазақстанда емес, басқа елде түсірілген, деп хабарлайды stopfake.kz.
Қазақстандық Telegram-арналарда далада әдейі қалдырылған лупа туралы видео тарады. Видео авторларының пайымдауынша, бұл диверсияның белгісі болуы мүмкін. Яғни, Қазақстанда дала өрттері қасақана қойылып жатыр.
stopfake.kz. мәліметінше, бұл видео осы жылдың шілде айында Ресейде Ростов облысында түсірілген. Ростов облысы бойынша ТЖМ хабарлауынша, линзалар далада 12-нен 13 шілдеге қараған түні қалдырылған болар, өйткені бұған дейін болмаған.