Ақтауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісі сотталды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Ақтауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының тергеушісі сыбайлас жемқорлық қылмысы, яғни пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Тергеушіге қатысты үкімді Ақтау қалалық соты шығарды. Үкім заңды күшіне енді. Үкімге сәйкес, оған 15 миллион теңге айыппұл салынып, арнайы атақтан айыру жазасы тағайындалды.
Сондай-ақ сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады. Істі болған тергеушіні Агенттіктің Ішкі қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері әшкерелеген.