Тұңғыш президент күні "мемлекеттік мереке" мәртебесінен айырылуы мүмкін

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Депутаттар 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастауды ұсынды. Тиісті заң жобасы бүгін төменгі палатаның жалпы отырысында қаралады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутаттар мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау үшін "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға мынадай бірқатар түзету енгізді.
Атап айтқанда, 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты, оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау арқылы айқындау ұсынылады.
Сондай-ақ 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні ретінде белгіленеді.
Ал 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке болады.
Тиісті заң жобасын депутаттар 7 қыркүйекте мәжілістің жалпы отырысында қарайды.