Солтүстікте суық, оңтүстікте жылы болады – үш күнге ауа райы болжамы жасалды

Ел аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс суық антициклоны ықпал етеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады.
8-10 қыркүйекте ел аумағының басым бөлігінде ауа райы салқын, тек Қазақстанның оңтүстігінде жылы болады.
Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады: 08 қыркүйекте шығыста, 10 қыркүйекте батыс, солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, желдің күшейеді және бұршақ жаууы мүмкін.
Сондай-ақ түнде Қазақстанның солтүстік-батысы мен солтүстігінде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүреді деп болжанып отыр.
Ауа температурасы:
елдің солтүстік жартысында түнде 2-12, күндіз 15-25 жылы;
батыста 2-14, күндіз 10-24 жылы;
орталықта және шығыста 1-18, күндіз 15-32 жылы;
оңтүстік жартысында 10-23, күндіз 20-35 жылы болады.