Рафаэль Гросси бастаған миссия сапарының нәтижелері туралы МАГАТЭ-нің кешегі есебі әлі жалғасын табатыны анық. Басқа есеп немесе басқа құжат жариялатыны белгілі. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік 52 беттен тұратын есеппен тоқтаса да, басқа жазушылар, агенттіктер немесе адамдар табылады. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Себебі бұл туралы бірнеше күн бұрын Киевтегілер мәлімдеді. Олар балама инспекциялар, қандай да бір ядролық аудит туралы айтты. Сондықтан МАГАТЭ-ден басқа тарап та бұл тақырыпта жазатыны анық.
Гросси ядролық нысанға барып-қайтқаннан кейін баяндамада қандай мәселені жазарын, қандай проблеманы айналып өтерін білмеді. Баяндамада қай тарап атом станциясына оқ атып жатқаны нақты жазылмаған. Ол бар болғаны "ортақ келісім бойынша" қорғаныс аумағы құрылғанын көрсеткен. Ал министрлікте Запорожьедегі атом электр станциясына кімдер снаряд бағыттап жатқанын сұрағанда, Гросси бұл мәселе оның құзыретіне жатпайтынын айтты.
"Киевтің жоспары бойынша Гросси атом электр станциясына бармауы, жалпы миссияның сапары жүзеге аспауы керек еді. Дегенмен, миссия мүшелерін станция аумағына кіргізуге мәжбүр болғандықтан, Зеленский баяндаманы күтпестен, МАГАТЭ миссиясының жұмысына көңілі толмайтынын мәлімдеді. Ал Киев режиміндегі басқа тұлғалар ақылға қонғысыз ұсыныс айтып жатты. Мысалы, "нуклеарлы, инженерлік-ядролық аудит" ұсынылды. Бұл не? Тағы басқалары МАГАТЭ+-ге балама ведомство болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Алайда, әлемде мұндай агенттік біреу ғана. Бұл идея Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль мен Германия канцлері Олаф Шольцтың кездесуінде талқыланып, мұндай миссия Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігіне үлкен көмек береді деген жалпы оймен айтылды", - деп жазды РИА Новости тілшісі.
Оның пікірінше, сондықтан МАГАТЭ баяндамасының жалғасы әлі жарияланады. Себебі, бұл жағдай жақында ғана Қытайға қатысты болған, Синьцзян провинциясында адам құқықтарының сақталуына қатысты баяндамаға қатты ұқсас. Өткен аптада БҰҰ құқық қорғау бөлімшесінің "Бейжің бұл провинцияда жаппай қатыгездік шараларын жүзеге асырған болуы мүмкін" деген сөйлем бар құжат жарияланды.
Бұл таңғалдырарлық мәлімдеме болды. Себебі, мамырда БҰҰ адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Мишель Бачелет Синцзяньге сапармен барып, бұл провинциядағы геноцид туралы ешқандай пікір айтпаған болатын. Сонда бұл түсініксіз құжат қайдан пайда болды?
Бейжіңдегі Global Times басылымы бұл құжаттың авторы Мишель Бачелет емес екенін зерттеп анықтады. Құжат БҰҰ-ның дәл сол құрылымынан шыққанмен,оның Синьцзянға мамырдағы сапарының қорытындысы бойынша дайындалмаған. Бұл жолы тіпті басқа адамдар жұмыс істеген. Бұл құжат аясында 2019 жылдан бері Қытай жеріне қандай да бір инспекциясыз дайындалғаны анықталды. Сонымен қатар БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі сынды құрылымдардан тыс жұмыс жүргізген.
Сондықтан бұл адамдар Бачелеттің Синьцзянға сапарына мейлінше қарсылық танытып, оған кедергі келтіруге тырысып, кейіннен комиссардың баяндамасына толық наразылық білдірді. Сол себепті осы жағдай Рафаэль Гроссидің Запорожье АЭС-ке сапарына қатты ұқсас.
"Бұл екі жағдай батыстағылардың халықаралық саясаттың басқару құрылымдарын саналы түрде жойып жатқанын аңғартады. Мұны халықаралық қауымдастық ұғымын жою деп те сипаттауға болады. Ол ұғым әрі қауымдастық ретінде жарты ғасырдан астам уақыт бойы механизм ретінде баяу әрі күрделі қалыптасқан еді", - деп жазды мақала авторы.
Оның пікірінше, қазір "бейтарап төрешіге" деген қажеттілік артқан. Сондықтан МАГАТЭ баяндамасына қатысты шынайы пікірлер легі әлі жарияланады.