Өңірлер

Алматыда ағаштарды өртеген адам ұсталды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Алматыда ағаштарды өртеген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
"Бейнекамералар мен куәгерлік айғақтардың көмегімен Бостандық ауданында өрт шығарған күдікті анықталды. Ол - 1968 жылы туған, от жаққанын мойындады", - делінген хабарламада.
Ер адам мас күйде болғанын және консервілерді жылытқысы келгенін айтқан. Бірақ өрт бұталарға жеткен. Сол кезде ер адам қорқып, оқиға орнынан кетіп қалған.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Сондай-ақ, полиция ақпаратына сәйкес, Еңбекшіарал кентінің маңында құрғақ шөпке өрт қойған адам да ұсталды. Ол - 39 жастағы жергілікті тұрғын. Жауап алу кезінде өз әрекетін түсіндіре алмады, мас болғанын айтқан.