НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық қоғамдық даму институтының атауынан "Рухани жаңғыру" деген сөз алынып тасталды. Тиісті қаулыға премьер-министр Әлихан Смайылов 27 тамызда қол қойды.
"Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамының атауы "Қазақстандық қоғамдық даму институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып өзгертілсін", - делінген құжатта.
Сондай-ақ коммерциялық емес ұйым қызметінің негізгі нысанасы айқындалды.
Атап айтқанда, "Қазақстан тұңғыш президенті – Елбасының "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" атты бағдарламалық мақаласының жылжыту стратегиясын әзірлеуді және іске асыруды, бағдарламаны іске асыруға қатысатын барлық құрылымдарды талдамалық және әдістемелік сүйемелдеуді, оның ішінде қоғамдық-саяси ахуалды мониторингтеу мен талдауды, азаматтық қоғамдағы процестерді болжауды, ғылыми зерттеулер жүргізуді және мемлекеттік отбасы саясатын іске асыруды әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру – КеАҚ қызметінің негізгі нысанасы.
Айта кетері, "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты 2019 жылы құрылды.