НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда полицейлер мен тұрғын өзін-өзі өртемек болған адамды тоқтатты.
Елорданың жедел басқару орталығының қызметкерлері Мәңгілік ел даңғылы бойында өзін-өзі өртеуге тырысып жатқан ер адамды анықтады.
37 жастағы азаматтың Семей қаласында шығарылған сот шешімімен келіспейтіндігі белгілі болды. Өзін-өзі өртеудің алдын алынды. Оған медициналық көмек көрсетілді.