Өңірлер

Елорда халқының саны екі есе өсті

Ал оңтүстік астана тұрғындарының саны 630 мың адамға артқан
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. 2009 жылы жүргізілген санақтан бері Нұр-Сұлтан тұрғындарының саны екі есеге артып, 1,23 миллион адамды құрады (2021 жылғы қыркүйекте).
2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша қалада 619 мың адам тұрған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Республикалық маңызы бар басқа қалалардағы халық саны да айтарлықтай өсті. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша Алматыда халық саны 2,03 миллион адамды құрады, мегаполис тұрғындары 630 мың адамға көбейген.
Шымкент қаласының халқы 430 мың адамға өсіп, 1,1 миллион тұрғынды құрады.
2021 жылғы санақ қорытындысы негізінде жинақталған деректерді қайта есептеуден кейін 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қалалардағы халық саны мынандай: Нұр-Сұлтан – 1 328 535, Алматы – 2 135 365 және Шымкент – 1 179 045 адам.