АЛМАТЫ, 6 қыркүйек – Sputnik. Алматының тау бөктеріндегі Кеңсай зиратының маңында түсте құрғақ шөптер мен бұталар өртене бастады. Өрт аумағы әлі анықталған жоқ.
Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. Бірақ отты абайсыз қолдану немесе сөндірілмеген темекіні лақтыру болуы мүмкін.
Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Алматыда ұзақ уақыт бойы жауын-шашын болмағандықтан, бөктердегі шөптер ерекше құрғақ. Сондықтан өрт тез таралған. Оның үстіне күн қатты ыстық. Шамамен плюс 30-35 градус болып тұр.
Өрт ошақтарына апаратын жол, суды жеткізу қиынға соғып отыр. Өрт сөндірушілерге өрт сөндіргіш рюкзак және күректерді қолдануға тура келді.
Өрт ошағына жақын орналасқан тұрғын үйлер жол бойында шамамен 200 метр қашықтықта орналасқан. Өрттің оларға жетуіне жол бермеу үшін өрт сөндірушілер жерді қазды.
Қазіргі уақытта өртке оранған аумақ туралы толық ақпарат жоқ. Оқиға орнында өрт сөндіру бөлімі жұмысын жалғастырып жатыр.
Тау бөктеріндегі өрт
© Sputnik/Ертай Сарбасов